Атырау, 24 қараша 07:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық зейнеткер 425 млн доллар ұтып алды

1 969 просмотра
АҚШ-тың Б.Рэймонд Бэкстон есімді тұрғыны Powerball лотореясынан 425,3 миллион доллар ұтып алды. Калифорниялық зейнеткер жиырма жылдан бері лоторея ойнап келеді екен. Алайда, бүгінге дейін айтарлықтай ірі ұтыстарға қол жеткізбеген деп жазады Associated Press. 

Ұтыс ойыны ақпан айында өтіп кеткен. Алайда, Бэкстон бұл жайында тек 1 сәуір күні ғана жариялады. Ойынды ұйымдастырушылар аталған датаның күлкі күніне еш қатысы жоқ екенін растап отыр. Қария осыншама ірі көлемдегі қаражатты ұтып алса да ешнәрседен қауіптенбей, өзінің аты-жөнін жариялады.
Бэкстон өз ұтысын бөліп емес, бірден алуды шешіпті. Мұндай жағдайда ол қаражаттың тек жартысынан сәл астамын ғана алады. Лоторея шарты осындай. Ал, түгел алғысы келсе бар ақша оған 30 жыл көлемінде бөліп төленеді. Демек, Бэкстонның қолына 242,5 миллион доллар тигелі тұр. Бұл сомадан тағы салықтың төленетінін айта кету керек.
Бэкстонның айтуынша, ол қуаныштан алғашында есін жоғалтып алған. Компьютер экранының алдында бірнеше сағат отырып, билеттегі сандарды қайта-қайта тексеруден жалықпапты. Тек өзіне келгеннен кейін бірнеше күн ұйықтай алмадым дейді ол.
Зейнеткер ірі қаржыны қалай жұмсайтынын жоспарлап қойыпты. Ақшаның жартысына ол әлемді саяхаттамақ. Сонымен қатар, қайырымдылық қорын ашып, білім мен медицинаға мұқтаж жандарға көмектесу де ойында бар.

Дереккөз: Baq.kz

2 сәуір 2014, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.