1-3 сәуір аралығында «Атырау» спорт кешені мен оның жанындағы уақытша павильонда «AtyrauOil& Gaz2014» және «AtyrauBuild2012» көрмелері ұйымдастырылады. Әдеттегідей, осы уақытта 1-2 сәуірде «Ренессанс Атырау» отелінде өңірлік «OILTECH Atyrau 2014» мұнай-газ технологиялық конференциясы өтеді.
Жобаларға мұнай және газ министрлігі, өңірлік даму министрлігі, «“ҚазМұнайГаз” ҰК» АҚ, Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімдіктері, ҚР Сервистік компаниялар одағы мен Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы ресми қолдау көрсетуде. Ұйымдастырушылар - Iteca (Қазақстан) және ITE Group Plc (Ұлыбритания) көрме компаниялары.
«Atyrau Oil&Gas 2014» көрмесіне Қазақстаннан, Австриядан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Үндістаннан, Италиядан, Канададан, Қытайдан және басқа елдерден 140 компания қатысады. Биыл дәстүрлі секторлардан бөлек, алғаш рет «Құбырлардың коррозияға қарсы жабындары» және «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі дәнекерлеу» бөлімдері ұсынылған. Көрмеге тұрақты қатысушылар арасында - «“Қазмұнайгаз” ҰҚ» АҚ, «Теңізшевройл», NCOC, «Атыраунефтемаш», Wika Kazakhstan, «Каспиан оффшор констракшн», «Евроспецарматура» және басқа да компаниялар бар.
Atyrau Build-2014 көрмесіне 40-тан астам экспонент қатысты. Оның 80 пайызы - «Құрылыс», «Интерьер», «Жылу және Вентиляция», «Терезе, Есіктер және Қасбеттер», «Керамика және Тас», «Жол құрылысы» бөлімдерін таныстыратын отандық компаниялар.
OILTECH Atyrau-2014 конференциясында Қазақстаннан, Австриядан, Белоруссиядан, Германиядан, Нидерландтан және Ресейден негізгі мұнай өндіруші және сервистік компаниялар, мұнай өңдеуші және мұнай-химия зауыттарының өкілдері қатысады. Конференция бағдарламасында қайраңдағы кеніштерді игеру, мұнай қайтарымдылығын, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және мемлекеттік экологиялық бақылауды арттыру мәселелері талқыланып, жетекші мұнай-газ компанияларының топ-менеджерлері баяндама оқиды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ