Атырау, 24 қараша 08:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Чили жағалауында жойқын жер сілкінісі орын алды

6 079 просмотра
Чилидің мұхит жағалауында қуаттылығы 8,2 балл болатын қуатты жер сілкінісі орын алды деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Оның магнитудасы Икике қаласына жақын маңда орналасқан. 

Қазіргі таңда Оңтүстік Американың Тынық мұхитымен шектесетін барлық аймағында цунами қаупі жарияланды.
Тынық мұхиты орталығының хабарлауынша, алып толқындар Перу, Эквадор, Колумбия, Панама, Коста-Рика және Никарагуаның біраз бөлігін шайып кетуі әбден мүмкін.
Ал, Чилидиң әскери-теңіз күштері жер сілкінгеннен кейін 45 минут өткен соң жағалауға биіктігі екі метрлік толқындардың соққанын хабарлаған.
Жерасты дүмпуінің ошағы небәрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан дейді сейсмолог мамандар және ол тағы қайталануы мүмкін.
Зардап шеккендер жайлы әлі еш ақпарат жоқ. Жолдардың кейбір бөлігі лай көшкінінің салдарынан жабылып қалды.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Боливия мен Перуде де сезілген. Қазір эвокуация жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге салайық, 2010 жылы да Чилидің жағалауында қуаттылығы 8,8 балл болатын жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын. Салдарынан цунами көтеріліп, 500-ден астам адам көз жұмды, 200 мың үй қирап қалған еді. Ал, Чили тарихындағы ең қуатты жер сілкінісі 1960 жылы орын алған. Оның магнитудасы 9,5 балл. Табиғи апат салдарынан ол кезде 5 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Дереккөз: Baq.kz

2 сәуір 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.