Атырау, 24 қараша 07:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Словакияның жаңа президенті жалақысыз жұмыс істейді

1 621 просмотра
Словакияның жаңа сайланған президенті кәсіпкер және қайырымдылық іспен айналысушы Андрей Киска өзінің өкілеттік ететін бес жылдық мерзімінде мемлекет басшысының жалақысынан бас тартты, деп хабарлады Росбалт.

 БЕЛТА агенттігінің ақпараты бойынша, Словакия президентінің жалақысы айына 6,6 мың еуроны құрайды. Андрей Кисканың инвестициялардан түрлі қорларға аударылатын бір жылғы табысы шамамен 700 мың еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, 30 наурызда Андрей Киска дауыс берудің екінші кезеңінде 59,04 пайыз дауыс жинап, Словакияның президенті болып сайланды.

Дереккөз: BAQ.KZ

1 сәуір 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.