Түркияның артиллериялық әскері Сирияның территориясын атқылады деп хабарлайды Agence France-Presse.
Түркия тарапы бұл шабуылды сириялықтарға жауап ретінде қайтарып отыр. Бұдан бір апта бұрын Түркияның Хатай провинциясындағы мешітті қиратқан сириялықтар босқын әйелді ауыр жаралаған болатын.
"Жаңа әскери доктринаға сәйкес, біздің артиллерия Сирияға оқ атты" деді Хатай провинциясының билігі.
Ал, бұдан бір күн бұрын Түркия премьері Реджеп Тайып Ердоған өзінің Әділет және даму партиясымен муниципалды сайлауда жеңіске жеткен болатын. Мұнан кейін ол Сирия мен Түркия арасында соғыс оты тұтанғалы тұр деп мәлімдеме жасады.
Дереккөз: Baq.kz