Атырау, 24 қараша 07:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда шеруге қатысу үшін студенттерді жалдаған

1 459 просмотра
Бішкектің театр училищесінің студенттері мен еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздарды 30 наурызда Ыстық Көл облысына қарасты Қызық-Суу ауылында өткен шеруге қатысу үшін жалдаған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ІІБ-ға сілтеме жасап. 

 Шеруге шамамен 160 адам қатысқан. Шеруге шыққандардың басты талабы «Құмтөр» алтын өндіруші компаниясының Ыстық-Көл облысына келтіріп отырған экологиялық шығыны туралы мәселені шешу болды.

Шеру барысында Honda Stepwgn пен Mercedes-Benz 600 маркалы 8 автокөлікпен беттерін медициналық бетпердеге жасырған саны 40-қа жететін жастар жеткізілген. Шеру аяқталғаннан кейін жастарды әкелген көліктер қайра алып кетті.

Соңынан милиция қызметкерлері шеруге келген автокөліктердің нөмірлерін анықтауға кірісті. Кейін белгілі болғандай, топтың жартысын еңбек биржасынан келген жұмыссыздар, қалғанын театр училищесінің студенттері құраған. Олардың айтуынша, Жеті-Оғыз ауданында оларды шеруге қатысу үшін арнайы жалдаған. Аты-жөндері анықталғаннан кейін шеруге қатысқан барлық тұлғалар үйлеріне жіберілді. 

Дереккөз: bnews.kz

31 наурыз 2014, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.