Атырау, 27 қараша 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шұжықтың қызығы

1 970 просмотра

29 наурызда қала супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар 10 метрлік шұжықтың дәмін көрді.

Таразда әзірленген және атыраулықтарға Наурыз мерекесіне тарту етілген үлкен ет өнімі Қостанай мен Ақтөбе облыстарындағы ауа райының қолайсыздығынан қаламызға бір аптадай кешігіп келді.    

Өндірушілердің айтуынша, шұжықты әзірлеуге 50 келі сиыр еті мен 7 келі табиғи қоспалар кеткен:

- Осындай көлемдегі шұжық Қазақстанда бірінші рет әзірленіп отыр. Сыртқы қаптамасын ресейлік өндірушіден тапсырыс беру арқылы алдық. Бізге 10 метр шұжықтың сыртқы қабатын сата алмады, бір шақырымдық ораманы түгел сатып алуға тура келді. Өндірістік үдеріске 25 адам қатысты.

Дайындау технологиясының, өнімнің көлеміне қарағанда, стандартты дайындаудан көп айырмашылығы жоқ екен. Тартылған ет қаптамаға салынды, қайнатылды, содан кейін белгілі уақытқа дейін ысталды.

Алып шұжық дәмділігі сондай, небары екі сағатта желініп бітті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсіргенҚанат ЕЛЕУОВ

31 наурыз 2014, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.