Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған муниципалды сайлауда өзі басқарған Әділет және даму партиясының (ӘДП) жеңіске жеткенін мәлім етіп, оппозицияны бірігуге шақырды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Бюллетеньдердің 85%-ы қаралды. ӘДП 45% дауыспен алда келеді, Халықтық-республикалық партия (ХРП) – 29%, Ұлттық қозғалыс партиясы (ҰҚП) – 15%, күрдтердің Бейбітшілік және демократия партиясы – 4%», - деп көрсетілген хабарламада. .
Оппозицияны жағдайды ұшықтырмақ болған әрекеті үшін сынға алған Ердоған оларды бірігуге шақырды.
«Енді бұрынғы Түркия жоқ, жаңасы бар. Бұған дейін оппозиция жүргізіп келген саясатпен ел басқаруға болмайды. Бізге 77 миллион халықпен бір тілде сөйлейтін жаңа оппозиция қажет. Барша Түркияны қамту үшін бір ғана басқарушы партия жеткіліксіз», - деп мәлім етті ол.
Дереккөз: bnews.kz
31 наурыз 2014, 09:03