29 наурызда Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен «Атырау» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 3-турының матчы өтті.
«Атырау» бұл матчты 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз гол қожайындардың қорғаушысы Владислав Чернышевтің қателігінен кейін 10-минутта салынды. Ол айыппұл алаңына жақын жерден допты «Атырау» командасының жартылай қорғаушысы сербиялық Марко Блажичке берді. Ал сербиялық шабуылшы Милош Трифунович әуелете берілген допты қақпаға дарытып, есеп осылайша ашылды. Қалған уақытта қожайындар ұтуға тырысқандарымен, оларынан ештеңе шықпады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ