Атырау, 27 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Орталық көпір 31 наурызда ашылады

4 409 просмотра

29 наурыздан бастап Атыраудағы орталық көпір көлік қозғалысы үшін жабылған болатын. Ол жерде бетон жолжиектер гранит түріне ауыстырылуда.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, жұмыстарды аяқтап, көпірді ашу дүйсенбіге, 31 наурызға жоспарланған.

Қарағаев хабарлағандай, ауа температурасы асфальтты жабынды жөндеуді қолға алуға мүмкіндік беретін шамаға көтерілген кезде, Сәтпаев даңғылы, Абай мен Азаттық көшелерінің бойындағы көлік қозғалысы шектеліп, орташа жөндеу (асфальт ауыстыру) жұмыстары басталмақ.  

- Аталмыш көшелер бойынша қозғалыстар толықтай емес, ішінара жабылады. Белгілі бір көшелерге жөндеу жүргізілетін уақыт көлік жүргізушілерге БАҚ арқылы уақытында хабарланатын болады, - деді Қарағаев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 наурыз 2014, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.