Атырау, 27 қараша 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жүз жасаған әже балконнан құлап түсті

2 557 просмотра

Бүгін,  28 наурызда шамамен сағат 14.30-да Әуезов көшесі, №56 «а» үйдің 4-шi қабатынан бiр әйел адам құлап мерт болды. 

Бұл оқиғаның өз-өзіне қол салушылық немесе бақытсыз жағдай екенін полиция анықтайды. Бір белгілісі, көз жұмған әйел жуырда ғана біздің жарияланымдарымыздың бiрiне арқау болған кейіпкер - 100 жастағы Анфиса ЗАРЩИКОВА.

8 Наурыз қарсаңында облыс және қала басшылары оны мерейтойымен құттықтаған болатын («Ғасыр жасаған әжелер»). 

Анфиса Исаковна аштықты, соғысты, соғыстан кейінгі құлдыраған кезеңді бастан өткерген жан, кәрілік оның ақыл-есін жеңе қоймаған. Отбасының махаббаты мен қамқорлығына бөленген әжей өзінің денсаулығына шағымданбайтын. Алайда, мерейтойында оған ұзақ ғұмыр тілегендерге ол, "өмір сүруден шаршадым" деп жауап берген еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 наурыз 2014, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.