Украина президенті қызметінен кетірілген Виктор Янукович елдің әрбір аймағының мәртебесін анықтайтын референдум өткізуге шақырды. Оның украиналықтарға арналған үндеуі бүгін Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігінде хабарланды.
Янукович Украинада мерзімінен бұрын президент сайлауының орнына бүкілукраиналық референдум өткізуге шақырған. Оның пікірінше, тек осындай жолмен ғана "Украинаның тұтастығын сақтап, саяси жағдайын тұрақтандыруға болады".
Украинадағы қазіргі жағдайды "кейбір батыс елдерінің қолдауына сүйенген оппозиция жасаған қарулы мемлекеттік төңкеріс" деп атаған бұрынғы президент Украина халқына "өзін-өзі жариялап алған биліктің өздеріңізді пайдалануына жол бермеңіздер" деп үндеу тастаған.
Янукович бұған қоса өзін "Аймақтар партиясы" қатарынан шығарып тастауын сұраған.
Виктор Януковичті Украина парламенті - Жоғарғы Рада ақпан айында жаппай халық толқулары нәтижесінде президенттіктен кетірген еді. Бұдан соң ол Ресейге кетіп қалған. Ресей оны әлі де Украинаның заңды басшысы деп санайды.
Украинаның жаңа билігі оның үстінен Киевтегі үкіметке наразылық акциялары кезінде "шерушілерді қырғынға ұшыратуды ұйымдастырды" деген айыппен іс қозғаған. 26 ақпанда Украина бас прокуратурасы Януковичке халықаралық іздеу жариялаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы
28 наурыз 2014, 16:19