Атырау, 27 қараша 00:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тексерулер тоқтатылады

2 583 просмотра

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар кеңесінде президенттің шағын және орта бизнесті тексерулерге жариялаған мораториі жайы сөз болды.

Мораторий 2 сәуірден бастап заңды күшіне енеді. Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Сәуле ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ айтуынша, барлық бақылау және қадағалау органдары өз жоспарлы-жоспарсыз тексерулерін сол уақытқа дейін тоқтатуларына тура келетіндіктен, оларды қазірден бастап қайта қарап шығып, бірінші жартыжылдыққа жоспарланған тексерулерді есептен алып тастаулары тиіс. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы Әліпқали ДӘУЛЕТИЯРОВ жалақысы төленбегеніне және т.б. наразылық білдірген азаматтардың арыз-шағымдарына орай жүргізілуге тиісті тексерулерді тоқтатуға қатысты сұрақ қойды. ТЖД мен СЭС өкілдері тарапынан да арыз-шағымдар бойынша тексеруге қатысты даулы сұрақтар болды. С.Төлегенова бұл мәселелерді ҚР Бас прокуратурасы талқыға салып, кеңесе отырып шешілетінін түсіндірді.  

Айнұр САПАРОВА

28 наурыз 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.