Атырау, 30 қыркүйек 10:17
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жетімдер тізімде болмаған

1 475 просмотра

Атырау облысында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі туралы заңнаманың сақталуына қатысты прокуратура органдары жүргізген тексеру жұмыстары бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен, қамқорлық және қорғаншылық органдарының қызметінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алмау, балаларды асырап алуға үміткерлердің құжаттарын рәсімдеу тәртібінің бұзылғаны анықталды. 31 жетім бала «есепте» болмаған.  Тексеру жұмыстары асырап алушы үміткерлердің сәйкес келетіндігін анықтайтын облыстағы білім беру органдарының жанындағы комиссия жұмысы формальды түрде жүргізілетінін, ал кейбір аудандарда мұндай комиссиялардың мүлдем құрылмағанын анықтады. Оған қоса, денсаулығын, тіршілік ету жағдайын, асырап алынған балалардың сабақтары мен тәрбиесін анықтау жұмыстары жүргізілмеген. Тексеру нәтижелері бойынша қамқорлық және қорғаншылық саласы үшін жауапты 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

28 наурыз 2014, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.