
Куала-Лумпурде және Пекинде оларға қолдау көрсету топтары құрылған. Ал Австралияның Перт қаласында жергілікті қытай қауымдастығы жолаушылардың туыстарын қабылдау үшін әзірлік үстінде.
«Мұнда келетін көптеген отбасыларға біздің моральдық та, заңдық та тұрғыдан көмектеріміз аса қажет. Бұл тұрғыда біздің олардың тілін түсініп, мәдениетін білетіндігіміз аса маңызды», - дейді қауымдастық өкілі Самми Йап.
Айта кетейік, бұған дейін Австралия үкіметі «Боинг» ұшағының жолаушыларының жақындарын қабылдау үшін барлық жағдайды жасайтындықтарын және Пекинмен бірлесе отырып Куала-Лумпурден қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы шынайы әрі нақты ақпаратты алу үшін табандылық танытатынын жеткізген болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
28 наурыз 2014, 11:10