Атырау, 24 қараша 08:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ХВҚ Украинаға көмек қаржы бөлуге келісті

1 980 просмотра
Халықаралық валюта қорының Украинадағы миссиясының басшысы Николай Георгиев. Халықаралық валюта қорының Украинадағы миссиясының басшысы Николай Георгиев. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бүгін Украинаға 14-18 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек қаржы бөлуге келіскенін хабарлады. 

ХВҚ-ның Украинадағы миссиясының басшысы Николай Георгиевтің мәлімдеуінше, келісім бойынша Украинаға алдағы екі жылда 27 миллиард АҚШ долларына дейін несие түрінде қаржы бөлінеді.

ХВҚ делегациясы 4-25 наурыз аралығында Украинадағы экономикалық жағдайды бағамдау үшін Киевте болған. Қор Украинаның "соңғы айлардағы экономикалық және саяси күйзелістен кейін біршама тұрақтылыққа қол жеткізгенін, бірақ әлі де күрделі проблемаларды шеше алмай отырғанын" айтады.

Украина билігімен жасалған келісімді енді Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі бекітуі тиіс. Атқарушы кеңес сәуір айында Украинаға баруды жоспарлап отыр.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
27 наурыз 2014, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.