www.zdrav.kz сайтынанБүгінде Атырау облысында балаларына туберкулезге қарсы вакцинаны ектіруден мыңға тарта ата-ана бас тартып отыр, олардың 90 пайызға жуығы діни ұстанымдағылар.Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Жалпы, Атырау облысында 2012 жылы туберкулезбен ауырған 560 науқас, ал 2013 жылы 509 науқас тіркеліп, туберкулезбен аурушаңдық деңгейі осылайша азайып отыр. Ал Махамбет ауданында керісінше, 25-тен 37-ге көбейген. әсіресе саны 1,5 есеге өскен.
- Туберкулезбен ауырғандардың көбінде жұмыс орны және тұрақты табысы жоқ. Ал олардың тең жартысы жұмыссыздар, - дейдіАтырау облысы бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Арайлым ҚАСЕНҒАЛИЕВА.- Сондай-ақ, туберкулездің кең таралуына санитарлық мәдениет деңгейінің төмендігі ықпал етіп отыр.
Оның айтуынша, туберкулезге шалдыққандардың төрттен үші 18 жастан 44 жасқа дейінгілер, қалғандары бір жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Жаңабай САҒИЕВТЫҢайтуынша, туберкулезбен күрес шараларына үкімет қомақты қаржы бөліп, барлық жағдайды жасап отыр. Ол емделушілерді ем алу курстары кезінде шыдамды және төзімді болуға шақырады. Өйткені, ем үзіліп қалған жағдайда осыған дейін жүргізілген емдік шаралар нәтижесі еш кетуі мүмкін.
Айнұр САПАРОВА