Атырау, 24 қараша 09:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Березовский өлімінің басты себебі анықталды

1 856 просмотра

"Британияның Виндзор қаласында өткен ресейлік бизнесмен Борис Березовсийдің өліміне қатысты істі қарау барысында әйгілі кәсіпкердің көз жұмуының басты себебі өз-өзіне қол жұмсау болғаны анықталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новостиге сілтеме жасап. 

Өлім себебінің бұл нұсқасын британиялық полиция, олигархтың жеке күзеті мен мүрдені қараған жедел жәрдем дәрігері айтып отыр. Сонымен қатар полиция кей жайлардың әлі де түсініксіз күйде қалып отырғанын айтады. Тергеушілер Березовскийдің мүрдесі табылған жуынатын бөлмедегі ваннада қалған саусақ іздерінің бірі кімге тиесілі екенін анықтай алмаған. Сондай-ақ кәсіпкер қайтыс болардан екі күн бұрын үй маңын торауылдаған белгісіз адамның кім екені де қазірге беймәлім. Одан өзге, полицияның жедел келуіне себеп болған бизнесменнің үйіндегі радиациялық дабылдың неліктен қосылғаны да белгісіз. Үйді тексеру барысында полиция қызметкерлері ешқандай радиациялық зат таба алмаған.

Березовскийдің қыздары Екатерина мен Елизавета және бұрынғы әйелі Галина Бешарова кәсіпкердің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтіндерін айтады. Галина Бешарованың сөзіне қарағанда, Березовский демалысқа баруды жоспарлап, балаларын қонаққа шақырған. Березовскийдің жеке дәрігері бұл хабарды естігенде естен тана жаздағанын айтады. "Менің пациентімнің өз-өзіне қол жұмсауына еш негіз жоқ", - дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, Борис Березовскийдің жансыз денесі 2013 жылдың 23 наурызында өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылған болатын. Алғашқы кезде "кәсіпкер қаржылық қиындықтарға байланысты асылып қалған" деген болжам айтылған еді. Ресейде Березовскийге қатысты қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 наурыз 2014, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.