«Біз (санкцияларды күшейту) әртүрлі елдерде, соның ішінде ЕО елдері ішінде әрқалай көрініс беретінін түсінеміз, олардың кейбіреулері ресейлік отынға көбірек тәуелді, біз мұны ескереміз. Біз (АҚШ) қазірдің өзінде Еуропа елдерінің тұтынуынан асатын табиғи газ көлемі экспортын жүзеге асыра аламыз. Бірақ та ол ашық нарыққа, лицензиялары бар жеке компаниялар арқылы сатылады. Жоғары деңгейде, біздің энергетика министрлеріміз арқылы бұл үрдісті пысықтау үшін уағдаласу қажет, біз мұны істеуге ниеттіміз», - деп мәлім етті Обама.
Сонымен бірге ол АҚШ еуропалық елдердің экономикасына ауқымды тікелей инвестияларды жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екендігін қосты.
«Біз қазірдің өзінде Еуропамен үлкен көлемде сауда жүргізіп отырмыз және еуропалық экономикаға ауқымды тікелей инвестицияларды жүзеге асырамыз. Бұл өзгермейді», деп мәлімдеді президент.
Ресей ЕО-ның ірі энергия тасымалдаушыларының бірі. Өткен жылы газды экспорттау 2012 жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға өсіп, 139,32 миллиард текшеметрді құрады. Ресей газы, атап айтқанда Украина арқылы транзитпен Еуропаға жеткізіледі.
16 наурызда Қырымда автономия мәртебесі туралы референдум өтті, оның қорытындысымен Ресей өңірді өз құрамына қосып алды. Осыған байланысты АҚШ, ЕО және олардың әріптес елдері Ресейдің кейбір өкілдеріне санкция енгізді. Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин бұдан бұрын референдум өткізу халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ Жарғысына сәйкес келеді деп мәлімдеді, ал РФ СІМ Ресеймен санкция тілімен сөйлесу орынды емес және кері әсер етеді, деп атап өтті.
Дереккөз: inform.kz