Атырау, 30 қыркүйек 08:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Спорт жаңалықтары

4 621 просмотра

Қонақ үйлер шайқасы

«Атырау» ДСК-нде «мұнайлы астананың» қонақ үйлері арасында мини футболдан турнир болып өтті. Оған «Ренессанс», «Ривер-Палас», «Шағала» және «Атырау» қонақ үйлерінің командалары қатысты.

- ДСК залында бос орын болмады, әр қонақ үй ұжымы өз командасын қызу қолдады.– дейді төреші Махамбет ҚУАНЫШАЛИЕВ. Ойын айналма жүйе бойынша ойналды. «Ренессанс» пен «Атырау» командалары екі ойында жеңіске жетіп, финалда кездесті. Жарыс 1:1 есебімен аяқталды. Ойын соңында пенальти белгіленбегендіктен, жеңімпаз соғылған және жіберілген доп саны бойынша анықталды. «Ренессанс» командасының нәтижелері жақсы болып, олар жарыс жеңімпазы деп танылды. Турнирдің ең үздік ойыншылары ретінде қақпашы Нұрлыбек Иманғазиев («Атырау»), қорғаушы Нұрлан Жұмағазиев («Ренессанс»), шабуылшы Рустем Бусурманов («Шағала») марапатталды.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Чемпион салмақ бойынша анықталды

1-БЖСМ-де 21 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан ашық қала біріншілігі өтті.

Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жеңімпаз атанды: 34 келіге дейін – Эльдар Меңдібаев (жұлқа - 27 кг, серіппе - 35кг), 48 келіге дейін – Виталий Ташикенов (30, 40), 56 келіге дейін – Батырхан Жайлым (60, 75), 62 келіге дейін – Асылхан Бекешев (67, 85), 77 келіге дейін – Айбек Қабдуллаев (65, 80). Қыздар арасында Ирма Руди үздік болды (30, 45). 85 келіге дейін салмақтаДәурен Елемесов пен Айбатбек Садықов бірдей нәтиже көрсетті. Жеңімпаз салмақ бойынша анықталды: Дәурен Айбатбектен 300 грамм жеңіл екен.

***

 

Жігерлі Марат

Қостанайда 1998-99 ж.т. кадеттер арасында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарыста атыраулық 2-БЖСМ командасы сәтті өнер көрсетті. «Лоу-кик» санатында (аяқпен жамбасқа қатты соққы беру) 48 келіге дейінгі салмақта Әлихан Құспанов алтын иеленді. Ол төрт айқас өткізді және барлығында да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

«Фул-контакт» санаты бойынша Марат Ерік (48 келіге дейін) пен Райымбек Сисенов (54 келіге дейін) команда қоржынына екі күміс салды. Ерболат Теміртасов, Абылай Керім, Ілияс Мақсотов және Ғалымжан Ырыс қола жүлдеге қол жеткізді. Е. Марат «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды. Спортшыларды Е.Сахипов, Р.Қисметов. К.Қосақов, Д.Юсупов және Г.Волынский сынды жаттықтырушылар дайындады.

***

 

Қала құрама командасына іріктелді

Атырауда мектеп оқушылары арасында дойбы-64-тен қала біріншілігі өтті.

Алдын ала жарыс 40 мектептің қатысуымен8 аймақта өтті. Әр командада 1-4, 5-7 және 8-10 сыныптардағы ұлдар мен қыздардың бір-бірден өкілі болды. Финалдық турнир «Мұнайшы» ДСК-нде өтті.

Жүлделі орындар келесідей анықталды (1-орыннан 3-орынға дейін сәйкесінше): бастауыш сыныптар (ұлдар) – Мақсат Өтеғұлов (№31 мектеп), Алтынбек Берік (№25 мектеп), Медет Салауатов (№18 мектеп), (қыздар) – Жанбала Тұрлыбекова (Еркінқала орта мектебі), Мөлдір Семғалиева (Бесікті орта мектебі), Әдемі Жанұзақ (№31 мектеп); орташа сыныптар (ұлдар) – Жандос Медетов (№30 мектеп), Диас Картанов (№20 мектеп), Ринат Мырзабаев (Еркінқала орта мектебі), (қыздар) – Гүлсезім Хайроллаева (И.Тайманов мектебі), Жания Тасқали (Амангелді мектебі), Дана Дүйсенғалиева (Сәтпаев мектебі); жоғары сыныптар (ұлдар) – Ерзат Кенжеғали (Тайманов мектебі), Алтынбек Жұмалиев (№25 мектеп), Ержан Ермеков (№18 мектеп), (қыздар) – Бақтыгүл Шултенова (Амандосов мектебі), Мөлдір Қажимова (№26 мектеп), Жансая Сағынаева (№31 мектеп).

Жеңімпаздар бүгін өтетін облыстық біріншілікке қатысатын қалалық құраманың қатарына енді.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Үстелден сәл биік

«Мұнайшы» ДСК-нде үстел теннисінен 1997-98, 1999 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық біріншілік өтті.

Жарысқа Атырау қаласының және Индер мен Жылыойдан басқа барлық аудандардың командалары қатынасты.

Жарыс жеңімпаздары болып 1997-98 ж.т. тобында Айдана Шамишева (Құрманғазы ауданы) мен Климентий Бузаев, 1999 ж.т, және кіші топта Мария Емельянченко и Руслан Юн (соңғы үшеуі Атырау қаласынан) танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және облыстық спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды. Турнирдің ең жас қатысушысы арнайы жүлдеге ие болды – ол №21 орта мектептің 2 сынып оқушысы Еркін Иманалиев. Жарысқа жаттықтырушы Риза Мамутов төрелік етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.