«Атырау жылу жүйелері» («АЖЖ») АҚ 2013 жылы орындалған инвестициялық бағдарлама шаралары есебінен өткен қыста жылу шығындарын 24,8%-ға азайтты. Бұл туралы компания президенті Нұрадин ШАМШАТОВ тұтынушылар алдындағы есеп беру жиналысында хабарлады.
Өткен жыл ішінде жылу жүйелері кәсіпорындары бойынша қосылған жылу жүктемесі бюджеттік бағдарлама бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің есебінен 1,6%-ға көбейді. 2013 жылы «АЖЖ» АҚ 325 млн теңге сомаға 7 шарадан тұратын инвестициялық бағдарламаны орындады.
- Ең алдымен, ұзындығы 3,2 шақырым болатын «УПТК УС-99 базасы - СМП-136 –СВХ «Мерей» базасы магистральды жүйесінің өткізу қабілеті 32,5-тен 53 сантиметрге дейін көбейді. Мақсат - қала орталығындағы жылу жүйесінің жүгін жеңілдетіп, Привокзальныйдың жылумен қамту жүйесін жақсарту болатын. Сонымен қатар, өз ресурсын сарқыған 32 сорғы ауыстырылды. Жылу жүйесінің ішіндегі су температурасын өлшеу үшін 23 «пирометр» аспабы сатып алынып,6 жылу қосыны мен магистральды жүйелерде жылу есептеу аспаптары орнатылды. 6,3 шақырым жылу жүйесінде пенополиуретан қолданылып, жылу оқшаулағышқа жөндеу жүргізілді. Өткен қыста жылу шығындары 45 мың Гкал-ға азайды. 1 Гкал/сағатқа жүйе суының үлестік шығыны 0,4 тоннаға немесе 5,2%-ға төмендеді, -деп мақтанды Н.Шамшатов. – Ескі проблемалардың бірі – иесіз жылу жүйелері. Олардың Атыраудағы жалпы ұзындығы 23 шақырым, техникалық ахуалы жақсартуды қажет етеді. Қазір «АЖЖ» АҚ жүйесінен 955 тұрғын үй мен басқа 370 нысан жылу алады. АҚ мамандары қысты күтпей, нысандардың сыртқы, ішкі, жертөле жылу жүйелеріне тексеру жүргізеді. 1 сәуірге дейін жауапты тұлғаларға анықталған келесі жылу маусымы басталғанша заң бұзушылықтар мен ақауларды жою үшін актілер беріледі.
2013 жылдың жылу кезеңінде жылудың сапасыздығына 320 шағым түсті. Бұл 2012 жылға қарағанда 31 есеге аз.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ