Атырау, 26 қараша 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ЖЭО-ны электр энергиясы құтқарады

1 573 просмотра

2013 жылдың қорытындысы бойынша Атырау ЖЭО жылу энергиясын өндіру және жылумен қамтамасыз ету қызметінен 212 млн теңге мөлшерінде кіріс алды. Бұл тариф сметасында қарастырылғаннан 199 млн теңгеге аз. Бұл туралы тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есебінде «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ хабарлады.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол былай мәлімдеді: «Үкіметтің қаулысы бойынша шекті тариф 2015 жылға дейін (қоса санағанда) қолданыста болмақ. Осыдан кейін Қазақстанда электр энергиясының нарығы құрылады да, тарифтер нарық шарттары бойынша қалыптасатын болады. Бұл жағдайда біз Маңғыстау атом энергетикалық комбинатымен бәсекелес боламыз. Біздің қарым-қатынасымыз және тарифтер қандай болады, әзірге айта алмаймын. Бірақ бүгінде олардың (МАЭК) тарифтері біздікіне қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан біздің өніміміз анағұрлым сұранысқа ие болады деп ойлаймын...

Біздің кірістеріміз төмендеп барады. Бұл, бір жағынан,  тұтынушылардың бір бөлігінің шағын қазандықтардың көмегімен дербес жылыту жүйесіне көшкендігіне де байланысты болып отыр. Кірістерге тұрғындарда жылу есептеу аспаптарының болуына қарай, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті енгізген дифференциялық тариф те әсер етеді. Жылумен қамту қызметінен түскен кірістердегі шығындарды электр энергиясын өндіру есебімен жабамыз».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.