Атырау, 24 қараша 03:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Партаға ұстаздар отырмақ

2 950 просмотра

Жазғы каникул кезінде Жамбыл атындағы мектепте ғажайып бір нәрсе болмақшы: ұстаздар партаға отырып, ал, оқушылар оларды ақпараттық технологиялар бойынша оқытпақ.

Осы жобаның пайда болу тарихы туралы әңгімелеген 10-шы сыныптың оқушысы Әйгерім СЕЙТҚАЛИЕВА мұғалімдердің компьютермен жұмыс жасау барысында  кейде жоғары сынып оқушыларынан кеңес алатындықтарын атап өтті. Ал, бүгінде мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін көптеген бағдарламалар бар: тематикалық сызбалар құруға, сабақтарда интерактивті тақталар мен басқа да нәрселерді қолдануға болады. Және жаңа оқу балалардың өздері үшін де қызықты. Бұл туралы Әйгерім достарымен бірге «Ақпатартық технологиялар ғасыры-2011» жобасынан достарымен біріге отырып, біліп алған. Бұл жоба «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылық көмегімен және облыстық әкімдіктің, облыстық және қалалық білім бөлімдерінің, сондай-ақ, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қолдауымен «Айрекс» бағдарламасы бойынша екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Көктемнің үш айында қаланың 32 мектебінен 526 оқушы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша оқытылды. Енді оларға оқығандарын тәжірибеде көрсету қалып тұр. Жоғарыда аталғандай, Жамбыл атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары алған білімдерін мұғалімдерімен бөлісуде.

Шахмат ойынын ойнауға әуесқой Еркінқала орта мектебінің 7-сынып оқушылары Ұлболсын ШЫНҒАЛИЕВА және Қаршыға ЖАУЫЛБАЙ Интернеттен осы ойынды үйретуге бағыт-бағдар беретін қазақ тіліндегі бағдарламаны таба алмады. Демек, жоқ екен, онда өзіміздің құруымыз керек деп шешті балалар. Енді олар кішкене мектеп оқушыларын шахматтың негізгі ойындарына үйретпекші және қарапайым адымдарынан бастап бейне жазбаларға жазбақшы. Фигураларды қалай қою,  алғашқы жүрісті қалай бастау, бұдан басқа, олар тәжірибелі ойыншылардан мастер-класты роликтер жасайтын болады. Бейне сабақтарды YouTybe-ден алуға болады. Қиын да, өте керекті тақырыпты №16 мектептің 7 сынып оқушысы Алина ПАК қолға алды. Оның жобасы «Шекарасыз әлем» деп аталады. Жоба мүгедек балаларға қолдау көрсетуге арналған. Ол ақыл-есінің дамуы кем балаларға арналған интернат балаларымен айналысатын болады. №34 лингвистикалық мектеп-гимназияның оқушылары Айдана АЛПЫСБАЕВА және Фархат ТІЛЕКОВ достарымен біріге отырып, мектеп оқушылары үшін қазақ тіліндегі алғашқы интернет газетті құруға кірісті. «Біздің басылымымыз мектеп оқуышыларын не толғандырады соның бәрін әңгімелейтін болады, өйткені, бұл газетті шығарушы өздеріміз», - дейді Айдана Алпысбаева.  Біздің қаламыздың мектеп өмірінің қазақ тіліндегі барлық жаңалықтарын енді сіз  mektepinfo.wordpress.com. сайтынан оқитын боласыз.

Шілде айында осы істердің барлығы қорытындыланатын болады. Жазғы жобалар бағдарламасының жеңімпаздары ақпараттық технологияларды оқытудың барынша жедел бағдарламасы бойынша екі апталық курстан өту мүмкіндігіне ие болмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 маусым 2011, 01:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.