Атырау, 30 қыркүйек 08:40
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Гүлнара Каримованың BBC-ге құпия хат жазғаны мәлім болды

1 831 просмотра

Гүлнара КаримоваГүлнара КаримоваBBC Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримовадан хат алғанын хабарлады.

Хат иесі Ташкентте үйқамақта отырғанын, қатты психологиялық қысым көргенін және соққыға жығылғанын жазған.

Сондай-ақ, Гүлнара Каримова швециялық TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясынан пара алды деген күдікке ілінді.

Reuters агенттігінің швед прокурорларына сілтеме жасап хабарлауынша, TeliaSonera 2007 жылы Өзбекстаннан 3G желісі лицензиясын алу үшін Гибралтарда тіркелген, Каримоваға қатысы бар делінетін Takilant фирмасына 2,3 миллиард швед кронын (358 миллион АҚШ доллары) төлеген.

Швейцария прокуратурасы да Каримованың ақша жымқыруға қатысы барын айтқан еді. Оның ісін АҚШ пен Нидерланд та тексеріп жатыр.

Дереккөз: nur.kz

26 наурыз 2014, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.