26 наурызда шамамен 8 сағат 30 минутта Бірлік поселкесінің маңында Атырау – Индер және Атырау – Доссор жолдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, «Опель-Омега» көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы қыз, негізгі жолмен келе жатқан, мал тиеген тіркемесі бар КамАЗ-ды өткізбеген. Соқтығысу нәтижесінде жүк көлігі аударылып қалған. КамАЗ жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жарақаттармен құтылыпты. Облыстық аурухананың науқастарды қабылдау бөлмесіндегілер хабарлағандай, жеңіл көліктің жүргізушісі бас сүйегі-ми және ішінен жабық түрде зақым алып, жансақтау бөліміне жатқызылған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ