Атырау, 24 қараша 09:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұрагерлік мәселесінде шариғат талаптары басшылыққа алынатын болды

1 905 просмотра

СТАНА. ҚазАқпарат  - Ұлыбританияда  Англия мен Уэльстің кәсіби заңгерлерінің Law Society атты қауымдастығы қорғаушылар үшін заң тәжірибесінде шариғат талаптарын басшылыққа алудың қағидаларын әзірледі. Осыған орай мұрагерлікке қатысты шариғи талаптар Британияның құқық жүйесінің бір бөлігіне айналатын болды, деп хабарлады  www.muslim.kz.

Аталмыш құжаттың мәтініне көз жүгіртсеңіз, «түрлі некеден туған балалар арасында мұрагерлік мәселесінде айырмашылық болмайды, алайда, некесі қиылмаған жұптардан туған бала немесе асырап алған бала шариғат бойынша мұрагер бола алмайды» деп айтылған. Сондай-ақ, «Мұрагер ер адам болса, көптеген жағдайда мұрагер әйелге қарағанда мұраның екі есесіне ие бола алады». Тағы бір жерінде: «Ал, ажырасқан ерлі-зайыптылар шариғат талаптары бойынша мұрагер бола алмайды...»,- деп айтылған.

Кәсіби заңгер қауымдастығының бұл қадамы кейбір құқыққорғаушылар мен феминистер тарапынан қатаң сынға ұшырап отыр. Олар заң тәжірибесінде діннің талаптарын ескерудің қажеті жоқ деп есептейді.

Мәселен, Ұлттық зайырлы қоғамның атқарушы директоры Кит Потьес Вуд мұны кері кету деп бағалады.

Алайда,  кәсіби заңгерлер оның сөзімен келіспеді. «Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде діни әрі мәдени факторлар маңызды орын алады. Сол себепті, біз осындай қадамға бардық»,- деді аталмыш қауымдастықтың президенті Николас Флак.

Дереккөз: inform.kz

26 наурыз 2014, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.