Алдын ала мәлімет бойынша, кеме бағытталуының қозғалтқыштарына іске қосу командасының берілмеуі себеп болып отыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бағытталу қозғалтқыштарының іске қосылуына компьютердің команда бермеуі себепті кеменің түйісуі кейінге қалдырылды. Бағытталу берілмегендіктен кеме бүгін станциямен түйісе алмады», – деді ҰБО-да.
Қазіргі уақытта мамандар жағдайға талдау жүргізуді жалғастыруда.
«Союз» ресейлік кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Мәскеу уақыты бойынша 01:17-де ұшқан болатын. Құрамында ресейлік Александр Скворцов, Олег Артемьев және америкалық Стив Свонсон бар МКС-39/40 экипажы орбитада бес ай шамасында жұмыс істейтін болады. Олар МҒС бортындағы ресейлік Михаил Тюринге, жапон Коичи Вакатаға және америкалық Ричард Мастраккиоға барып қосылады.
Экипаж орбитада 169 күн болады. Осы уақыт ішінде ресейліктер ашық ғарышқа шығып, бірнеше жүк кемесін қарсы алады және сынақтар топтамасын жүргізеді.
Дереккөз: bnews.kz