Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында аурухана қызметкерлері дәрігер-анестезиологтың жалақысы 16 мың рубльге (80 мың теңге) жетпейтінін, ал медбикелердікі 10 мың рубльден (50 мың теңге) сәл ғана асатынын айтып шағымданған.
Бұл Петербордың өзге ауруханаларындағы әріптестері алатын жалақыдан бірнеше есе кем екен.
Ұлы Петр клиникасы Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медициналық университетінің емдеу базасы болып табылады және қалалық емес, федералдық бюджеттен қаржыландырылатын көрінеді.
12 наурызда белсенді топ Ресей президенті Владимир Путинге клиника персоналының қандай күйге түскені туралы баяндалған хат жолдаған. Хатты президент әкімшілігі денсаулық сақтау министрлігіне жолдады. Соңғы ведомство болған жайтқа қатысты қандайда бір мәлімдеме жасауға асықпай отыр, деп жазады «Фонтанка.ру».
Университет басшылығы да бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартуда, деп жазады «Эхо Москвы в Санкт-Петербурге» басылымы.
Аштық осымен екінші тәулікке созылды.
Дереккөз: bnews.kz