22 наурызда түнде Еркінқала поселкесінде тұратын 14 жастағы бала Жайық өзенiне батып кетті.
Ол түн ортасында өзімен жасты екі баламен қолдан жасалған қайықпен жақында салынған ау құралдарын жинауға аттанған. Қайық аударылып қалып, жағаға екеуі ғана шығып үлгерген. Суға батып кеткен баланы алты сүңгуір жергілікті тұрғындардың көмегімен іздедi.
Оның мүрдесі 16 сағат өткен соң табылып, судан шығарылды.
Мурат СУЛТАНГАЛИЕВ