Атырау, 21 желтоқсан 13:01
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Есеп 0:0

3 141 просмотра

22 наурызда «Судоремонтник» стадионында футболдан «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) командаларының арасында ел чемпионатының 2-турының матчы өтті. Есеп 0:0.

Ойын тартысты өтті. Ешкім ұтылғысы келмеді. Қожайынның қара терілі үш ойыншысы – угандалық текті неміс Савио Нсереко, нигериялық Майкл Одибе мен камерундық Ги Эссаме өздерін жақсы жағынан көрсетті. Ал «Атырау» командасы қара таңғыш байлап ойнады. Олар анасы қайтыс болған сербиялық жартылай қорғаушы Марко Блажичке осылай көңілдерін білдірді. Матчтың соңғы секундтарында меймандардың шабуылы бәрін өзгертуі мүмкін еді. Бірақ қостанайлық шабуылшы Виталий Волковтың соққан добы қақпа маңдайшасына тиді.

20 наурызда жанкүйерлермен кездесу кезінде «Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВ өткен маусымда клубтың қарызға белшесінен батқанын, бірақ биыл клуб құрылтайшысы – облыстық әкімдіктің жылдық бюджеттің бүкіл сомасын аударғанын, енді команданың ең жоғарғы орындар үшін күресуге дайын екенін

мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 наурыз 2014, 23:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.