АСТАНА. 24 наурыз. BAQ.KZ – Гренландияның мұздығы біз болжағаннан тез еріп жатыр. Салдарынан әлемдік мұхиттың деңгейі көтерілуде дейді даниялық ғалымдар Nature Climate Change ғылыми журналына жазған мақаласында.
Дания техникалық университеті, Копенгаген университеті және Орхус университетінің ғалымдары біріге жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде белгілі болғаны - Гренландияның солтүстік-шығысындағы алып мұздық бұрын құрлықта орналасқан болса, 2006 жылдан бері теңізге қарай жылжыған. "Мұздықтың жылжу жылдамдығы кез-келгенімізді таң қалдырады" дейді Дания техникалық университетінің ғалымы Шафкат Аббас Хан.
Оның айтуынша, аталған мұздықтың еруінен әлемдік мұхит деңгейі болжамдағаннан да тез көтеріледі. Өйткені, мұздық Гренландия аралының ең ірі бөлігі.
"2006-2009 жылдары күннің күрт жылынуынан мұздық та тез ери бастады. Мұз қабаты жұқарған сайын ол тез ерігіш болады" дейді Курт Кьер есімді Табиғат тарихы музейінің профессоры.
Дереккөз: baq.kz