АҚШ-та 640 тоннаға жуық мұнай суға ағып кетті. Оқиға Техас штатының Галвестон қаласынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан жерде орын алған, деп хабарлайды 24.kz.
Естеріңізге сала кетейік, кеше күндіз құрғақ жүк таситын кеме мен 3,5 мың тонна мұнай тиеген баржа соқтығысып, апатқа ұшыраған болатын. Төтенше оқиғадан 2 адам жарақат алған. Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Шығанақты тазалау жұмыстарына 380 адам қатысуда. Қазір төгілген мұнай судан бөлініп алынған. Тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Апатқа ұшыраған кемеге жауапты компания барлық шығындарды өтейтінін мәлімдеген. Бірақ экологтар Мексика шығанағында орналасқан бірнеше табиғат қорықтарына зақым келгенін айтады.
Дереккөз: bnews.kz
24 наурыз 2014, 13:50
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.