Атырау, 24 қараша 08:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко: Қырым – Ресейдің бір бөлігі

2 179 просмотра
Беларусь президенті Александр Лукашенко «Қырым бүгінде Ресейдің бір бөлігі болып табылады, солай екенін мойындаған немесе мойындамағанмен ештеңе өзгермейді» деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Минскіде журналистермен кездесуде айтқан.

«Қырымды заң жүзінде тану туралы қазір Беларусьтен ешкім талап етіп жатқан жоқ» деген Лукашенко.

Украинаның қазіргі билігі көптеген қателіктер жіберді, ақыр соңында Қырымнан айрылуға алып келген ол қателіктердің бірі – тіл мәселесі деп санайды Беларусь президенті.

Сонымен бірге Лукашенко Минск Украина халқы «сайлау нәтижесінде қолдау көрсеткен» билікпен қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтқан.

Наурыздың 16-сы күні Қырымда референдум өткен соң іле-шала Ресейдің Қырымды өзіне қосып алуын Украина мен батыс мемлекеттері халықаралық құқыққа қайшы, заңсыз іс деп санайды.

Қазіргі таңда Қырым түбегінде тұратын жалпы саны 2 миллионнан асатын халықтың 60 пайызын - этникалық орыстар.құрайды.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
23 наурыз 2014, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.