Сайлаушылар елдегі барлық муниципалитет мүшелері мен мэрлерінің есімдеріне таңдау жасау тиіс. Оның ішінде елдің астанасы Париж қаласы да бар. Айта кетерлігі, ел астанасының бұл жолғы әкімі нәзік жанды болатындығы анық.
Олар тіпті екеу де. Оның бірі - Францияның бұрынғы энергетика және экология министрі Натали Костюшко-Моризе. Бұл ханым кезінде елдің мемлекет басшысы Николя Саркозидің сайлауалды науқанында ресми өкіл де болған еді. Ал оның басты қарсыласы - Париждің қазіргі мэрі Бертран Деланоэның орынбасары Анна Идальго. Алдын ала әлеуметтік сауалдарға қарағанда, екі кандидаттың да қала басшысы болу мүмкіндіктері тең.
Дереккөз: ҚазАқпарат