Атырау, 26 қараша 19:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі адамды қағып кетті

2 738 просмотра

30 мамыр күні шамамен сағат 19.30-да Геолог поселкесінде «Тойота-Карина» көлігі бесік арбадағы жеті айлық сәбиімен бірге жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға болар кезде 57 жастағы ер адам кешкісін мектеп маңында сәбимен серуендеп жүрген. Жүргіншіні қағып кеткен көлік ол жерден кетіп қалған. Ер адам қаза болып, сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, іздестіріліп жатқан көлік Алмагүл ықшам ауданынан табылған. Оның қожайыны анықталып, жауап та алынған. Оның айтуынша, ол таныстарымен бірге кафеде отырған. Сол уақытта олар мұның көлігінің кілтін алып, кетіп қалған. Рөлге 1988 жылғы Ж.С. деген отырған. «Оқиға орын алған кезде машина ішінде болған адамдар іздестірілуде»,- деп хабарлады Г. Мұхтарова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА    

2 маусым 2011, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.