Атырау, 26 қараша 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Наурыз келді, ағайын!

8 417 просмотра

Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мерекесін тойлауды14-і күні көрісуден бастайды. Көрісу салты «қыстан аман-есен шықтық па, жаңа жылға жеттік пе?» деген ниеттен пайда болған.

Көрісу кезінде ер адамдар төс соғыстырып, әйелдер иық қағыстырып барып қол алысады. Барша ел жаңа жылды, көктемді қуана қарсы алады.

«Әке-шешем де, ата-енем де көрісу басталғанда алыс-жақындағы құда-жекжат, туыс-тар көрісуге келер деп күтіп отыратын. Жасы кішісі үлкенге келіп көрісетін. Аналарымыз қысқы соғымнан сыбаға сақтап отыратын», - дейді отанасы Мүмина Бәбиқызы.

 

 

Наурыз - қазақтың Жаңа жылы. Оны әр отбасы асыға күтеді. Сондай отбасылардың бірі - Сарайшық ауылында тұратын Наушабаевтар отбасы. Алыс-жақыннан келген ағайын-туыстарымен Наурыз мерекесін қарсы алуда. Әрине, ол көрісуден басталады.

 

 

 

 

 

Қазақтың дастарқаны қай кезде де ән-күйсіз өтпейді. Отағасы Ибатолла Сұлтанұлы отанасы Мүмина Бәбиқызымен бірге домбырамен ән шырқауда.

 

 

 

 

 

 

Немересі Нұрберген сүйкімді қошақанымен бірге.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақтарға табақ тартылып, сыбаға үлестірілді.

 

 

 

 

 

 

 

Бесіктегі нәрестені әпкелері көзден таса қылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

Шәйдің сәнін келін келістіреді. Әулеттің келіні Алмагүл Сауғабайқызы шәй құйып жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар да арқа-жарқа болып, ұлттық ойын - асық ойнап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйдің иті Ақтабан да қонақтарды шығарып салып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фоторепортажды дайындаған Зинат Орынбасарова.

20 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.