16 наурыз күні сағат 17-де Атырау қаласындағы «Ақжайық» теміржол стансасында 49 жастағы ер адам тепловоздың астына түсіп кетіп, ауруханаға жеткізілді.
ТЖ департаментіндегілер зардап шегушінің бұрынғы «Пропилен» зауытының маңындағы Атамбаев көшесінің бойындағы үйде тұратынын хабарлады. Яғни, ол жаяу жүргінші жолына мән бермей, қысқа жолды таңдаған деп жорамалдауға болады. Облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіндегілер зардап шегу-шінің қолы шынтағынан жоғары жерінен кесілгендігін, оның жансақтау бөлімінде екенін айтты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ