Биыл картоп егу ауданы бір жарым есе көбейетін болады. Бұл туралы «Құрманғазы» мәдениет сарайында өткен кеңейтілген отырыста облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым РЫСҚАЛИЕВ хабарлады.
– 2013 жылы облыс бойынша егін алқабы 5 978 гектарды құрады. Барлығы 51 581 тонна көкөніс, 16 993 тонна бақша дақылдары, 13 459 тонна картоп және 367 тонна жеміс-жидек жиналды. Егін орағы келесідей (әр гектардан центнер бойынша): көкөніс – 239, бақша дақылдары – 229,7, картоп – 141,1, – деді С. Рысқалиев. – Егер қызанақ, қияр, қауын-қарбыз, қызылша бойынша облыс қажеттілігі толықтай қамтамасыз етілсе, жуа бойынша 69,7%, сәбізбен – 74,5%, орамжапырақпен – 26,3%, картоппен – 25,3%, жеміс-жидекпен 2,6% қамтылды. Осыған байланысты 2014 жылы егіс картоп бойынша 1 500 гектарға, көкөністер бойынша 2 500 гектарға дейін артылады. Тамшылатып суару ауданы өткен жылғы 653 гектардан 1 000 гектарға дейін кеңейеді.
Биыл субсидия көлемі де көбейтіледі: егу және ору жұмыстарына 62,4 миллионнан 90 млн теңгеге дейін, жеміс-жидек дақылдары мен көп жылдық өсімдіктерді отырғызу және күтуге 22,7 млн-нан 90 млн теңгеге дейін бөлінеді. Гербицидтер алуға және суаруға, сәйкесінше, 6 млн және 84,1 млн теңге бөлінеді.
Егер бұрын жем-шөп дақылдарының ішінен тек жоңышқа өсіру субсидияланса, биылдан бастап «жеңілдік» тізіміне құмай мен жүгері қосылды. Тамшылатып суаруды субсидияландыру бойынша жоба ауыл шаруашылығы министрлігінде келісімін күтіп жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ