Атырау, 24 желтоқсан 19:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Балапандар мәз болды

2 848 просмотра

СМП-136 ықшам ауданының тұрғындары өз күштерімен балаларына арнап мереке ұйымдастырды.

– Ауданымыз қала орталығынан әжептәуір қашықтықта орналасқан. Ата-аналардың бәріне бірдей балаларын көпшілік шараларға апаруға қалталары көтере бермейді. Сондықтан өз күшімізбен балалар үшін көңілді мереке ұйымдастыруды ұйғардық, - деп әңгімелейді ұйымдастырушылар Елена НИКИТИНА, Анастасия СПЕХОВА және Ирина МАТИС. Олар тату-тәтті көршілер екен. Әйелдердің айтуынша, мұны ұйымдастыру қиынға түспеген. Поселкедегі 8 үйдің подъездеріне әр балаға 200 теңгеден билет сатып алуды өтінген хабарландырулар іліп, сценарий жазуға кірісіп кеткен.

Сөйтіп, 1 маусымда балалар қауымы құмарлары қанғанша сауық-сайран құрды. Оған 3 жастағы сәбилерден бастап 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысқан. Мереке кіші олимпиада ойындарымен басталды. Балалар жүгірісіп-ойнап, асыр салды. Сол жерде тәттілер, чипсылар, сусындар мен балмұздақтар тегін таратылды (ата-аналардан жиналған ақшалар жұмсалды).

Думан одан сайын қыза түсу үшін ұйымдастырушылар үрмелі батут қожайындары мен қантты мақта сатушылармен келісім жасаған. Бұған кішкентай клиенттердің  қуанышында шек болған жоқ.

– Мен үш немереммен келдім. Екі үлкені барлық конкурстарға қатысып жатыр, кішісі 1 жарым жастағы сәби, осы жерде ойнап жүр. Қатты ризамын, - дейді Валентина Михайловна әжей.

СМП тұрғындарының өздерінен басқа бұл жерде орталықтың да балалары болды. Олардың ата-аналары таныстарынан мереке туралы естіп келгендерін айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

2 маусым 2011, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.