Атырау, 26 қараша 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Билікке сенуден қалған

1 891 просмотра

Құлсарыдағы ескі үйлерді бұзу науқаны Талғат ШАЙПАҚОВТЫҢ бизнесіне соққы болып тиіп жатыр.  Жергілікті әкімдік оған тиесілі «Саят» зоодүкенінің орнына жаңасын салып береміз деп, оны бұзу туралы шешім қабылдаған. Бірақ уәде ауызша берілген.

Қазір кәсіпкер бизнесін сақтап қалу үшін әкімдік табалдырығын тоздырып жүр.

- Бұл дүкен - біздің отбасымызды асырап отырған жалғыз табыс көзі, - дейді Талғат. - Әкімдіктің шешімімен дүкенді жапса, жағдайымыз қиындайды.

Т.Шайпақовқа жаңа дүкен құрылысын салуға арналған жер телімін берген, бірақ кейін ол жерде құрылыс жүргізуге болмайтыны анықталған.

Ұ. Абдрахманов көшесіндегі барлық ескі үйлер наурыз айында бұзылмақ, кейін орнына жаңа үйлер салынады. Көпқабатты бес үйді тұрғызуға облыстық бюджеттен 2 млрд 600 млн теңге қаржы бөлінген. Тендер жеңімпазы  болып төрт мердігерлік мекеме анықталған, тапсырысшысы - облыстық құрылыс басқармасы.

- Біз бұл үйлердің құрылысын осы жылдың соңында аяқтауды  жоспарлап отырмыз, - дейді Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН. - Ал жеке кәсіпкер Т. Шайпақовтың жайына келетін болсақ, оған қаланың жақсы жерінен жер беріп, мердігерлер дүкен салып беруге келісті. Күреу жүре береді, оның дүкені жаңасын салып бергенше бұзылмайды, жұмыс жасай береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

20 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.