
18 наурыз күні «Ата Мекен» парламенттік фракциясы көпшілік коалициясынан шығатыны туралы мәлімдеме жасады. Фракция премьер-министр Жантөре Сатыбалдиевті қаржылық алаяқтық жасады деп айыптауда.
Ал Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Меліс Ержігітов үкімет басшысы Сатыбалдиев Жогорку Кенештегі кадрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрды деп мәлімдеді. Айтуынша, көпшілік коалицияның ыдырауына басты себеп осы.
Осы жағдайдан кейін коалиция басшысы ел президентіне альянсты тарату туралы хат жолдаған. Мемлекет басшысы үш күннің ішінде парламент фракцияларының біріне жаңа коалиция құруға мандат беруі тиіс. Жаңа коалиция жаңа министрлер кабинетін құрумен айналысады.
Дереккөз: bnews.kz
19 наурыз 2014, 11:42