Атырау қаласының мектептеріндегі бастауыш сынып оқушылары үшін көктемгі каникул күндері төменгі сынып оқушыларының 30, 31 қаңтарда және 1 ақпанда күшті аязға байланысты мәжбүрлі түрде демалысқа жіберуі себепті («Кездейсоқ каникул») 3 күнге қысқарды, деп хабарлайды қалалық білім бөлімінің басшысы Алпамыс ҒИЛЫМОВ.
- Мен тиісті бұйрыққа қол қойдым. Балалар 20 наурызда (каникулдың бірінші күні), 29 мен 31 наурызда (каникулдың соңғы күні) сабақ оқитын болады. Оқушылар жіберілген оқу материалдарын игеруі үшін осындай шешім шығарылып отыр, - деді ол.
Осы себепті каникулдар Индер мен Қызылқоға аудандарының бірқатар мектептерінде қысқаратын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ