Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Марат АБДРАХМАННЫҢ көктемгі аталық үйрек аулау маусымының ашылуы туралы бұйрығы шықты.
Маусым 21 наурыздан 4 сәуірге дейін, яғни 15 күнтізбелік күнге созылады. 5 үйректі атуға рұқсат беретін жолдаманың құны – 3 200 теңге. Ауланған құстың санын қорықшылар қатаң бақылауға алатын болады.
– Лимиттің аз бөлінуі атуға рұқсат етілген аталық үйректердің жылдық көлемінен көктемгі аң аулау маусымына небары 5% берілетіндігіне байланысты, - дейді облыстық аңшылар қоғамының төрағасы Ғайнет ҚУАНҒАЛИ. – Сонымен қатар, көктемге аңға шыққысы келетіндер де көп емес, өйткені құстар ұшып келгеннен кейін әлі салмақ жинаған жоқ. Аңшылар күзгі аң аулау маусымында белсенді болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ