Атырау, 30 қыркүйек 06:28
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Америкалық актриса жоғалған "Бойнгты" интернет арқылы тапқандығын мәлімдеді

1 695 просмотра
Америкалық танымал киноактриса Кортни Лав жер серіктерінің ғарыштан түсірген суреттерін интернеттен қарап отырып, жоғалған ұшақты тапқандығын мәлімдеді. Бұл жайында ол өзінің Facebook-тегі парақшасына жазған. 

"Мен сарапшы-маман емеспін, бірақ мынаның ұшақ, ал жанындағысының мұнай дағы екені көрініп тұр" деп жазады Лав өз оқырмандарына.
Актрисаның жазбасын бүгінде мыңдаған адам оқып, өзгелермен бөлісіп жатыр. Оқырмандарының арасында Лавты жақтаушылар көп. Яғни, суреттегі дақ пен таңбалар жоғалған ұшақтың қалдықтары дегенге олар сенімді.
Дегенмен, Малайзияның ресми билігі бұл жайтқа байланысты қандай да бір мәлімет таратуға асығар емес.
Естеріңізге салайық, наурыз айының 8-не қараған түні Куала-Лумпурден Пекинге бет алған ұшақ із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Оның бортында 239 адам болған.

Дереккөз: Baq.kz

18 наурыз 2014, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.