Атырау, 24 қараша 07:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жоғалған Boeing-777 бортындағы барлық 239 адам күдікке алынып отыр

2 396 просмотра
Малайзия билігі 8 наурызға қараған түні жоғалып кеткен «Боинг 777» бортында шын мәнісінде не болғанын анықтағанша, олар осы ұшақта болғандардың әрқайсысына қатысты мәліметтерді жіті зерттемек, деп хабарлайды CNN.

Ұшақтың бортында болған 239 адамның бәрі де тұтқын болуы мүмкін немесе әрқайсысы күдікке алынуы да ғажап емес. Барлық жолаушылар да, екі ұшқыш та күдіктілердің қатарында. Сол бортта болғандардың әрқайсысының өмірі жіті зерттелмек.
«Осы ұшақта болғандардың әрқайсысының өмірбаянын зерттеу керек», - деді Нью-Йорктегі ФТБ директорының бұрынғы көмекшісі Билл Гевин. - Әрине балалар мен қарттарды күдіктілер қатарына қосылмайды».
Естеріңізге сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған МН370 лайнерімен байланыс 8 наурызға қараған түні үзілген еді. Экипаж одан кейін байланысқа шықпаған және апатқа ұшырағаны жөнінде дабыл бермеген. Апат орын алатындай ауа райы да қолайсыз болмаған. Ұшақтағылармен байланыс соңғы рет Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде орнатылған. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен 12 экмпаж мүшесі болған.
Түрлі елдерден ұшақтар Оңтүстік Қытай теңізінде іздеу шараларын жүргізуде. Жоғалып кеткен «Боинг 777»-ні іздеуге кіріскен елдер саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Малайзияның көлік министрі Хисамуддин Хусейн. Апатқа себеп болған негізгі себептер мыналар болуы мүмкін: техникалық ақаулық, қозғалтқыштың істен шығуы, лаңкестердің шабуылы, ұшақты ұрлау, экипаждың қателігі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 наурыз 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.