Атырау, 30 қыркүйек 06:21
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Украинада қаруланған бір топ адам Қазақстанға бағыт алған КамАЗдарды басып алды

2 524 просмотра
Жексенбі күні Украинада Қазақстанға бағыт алған «КамАЗ» автомобильдерінің ірі партиясын қаруланған бір топ адам басып алды, деп хабарлады «КамАЗ» ААҚ баспасөз қызметінен.

«Соңғы екі айда сатылмағандықтан, қажетті айналымды қамтамасыз ету мақсатында және дебиторлық борышты қайтару үшін бейсенбі күні, 13 наурызда Чернигов (Украина) қаласындағы біздің сауда компаниямыздың қоймасынан 50 автомобильді Астана қаласындағы компаниямызға жіберу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған хабарламада.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, жұма күні 14 наурызда тиісті келісімшартқа қол қойылып, Чернигов қаласындағы кеденде көліктерді тиісінше рәсімдеді. Сенбі күні Сеньковка ауылындағы шекара өткеліне 36 КамАЗ автомобилі жеткізілді. Олар «Титан» күзет мекемесінің қаруланған төрт күзетшісінің қарауында тұрақта қалдырылды. Көліктің қалғаны бұл жерге жексенбі күні таңертең жеткізілуі тиіс еді. Кейін барлық партия Набережные Челны қаласынан келе жатқан жүргізушілерге тапсырылып, Ресейде күтіп тұрғандарға жеткізіліп, кейін Қазақстанға жөнелту жоспарланған. Алайда соңғы колоннадағы 7 көлікті Чернигов қаласынан шығаруға өздерін майданның жауынгерлері деп таныстырған қаруланған бір топ адам (шамамен 10 адам) кедергі келтірді. Құжаттарды сұраған оларға тауардың Қазақстанға экспортталатынын растайтын декларация көрсетілді. Күзет оқиға орнына милиция және ГАИ өкілдерін шақырды. Белгісіз біреулер де көмекке 2 джиппен келген қаруланған адамдарды шақырды. Олардың сөзіне қарағанда джиптердегі адамдар да Киев өкілдері. Колонна алға қарай қозғалса, оқ жаудыратынын айтып қорқытқан деп жазылды хабарламада.
«Ресей Қырымдағы біздің меншігімізді иеленуде, ал біз олардың көліктерін аламыз», - деп келтірді белгісіздердің сөзін компанияның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік меншікке жатпайтын көліктер Қазақстанға жеткізілетіні туралы сөздерді олар елемеді. Милиция қызметкерлері де, ГАИ өкілдері де қаруланған адамдардан қорғай алмады. Нәтижесінде 7 көлік белгісіздердің бақылауымен Чернигов қаласындағы қоймаға қайтарылды.
Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, кешке таман шекара өткелінде тұрған тағы 43 автомобильді де 60 шақты қаруланған адам басып алғаны туралы хабар келіп түскен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 наурыз 2014, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.