Атырау, 26 қараша 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Наурызды қалай тойлаймыз?

3 275 просмотра

Атырауда дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени шаралар өтеді.

Бізге қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлағандай, 21 наурызда сағат 11-ден 14.00-ге дейін Исатай-Махамбет алаңында «Қош келдің, әз Наурыз!» театрландырылған концерті өтеді. Бағдарламада театрлық және цирктік қойылымдар, «Балдырған» балалар аттракционы, шахматтан, қазақша күрестен, кір тасын көтеру, армрестлингтен, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан турнирлер болады. Алтыбақан, беташар, сыңсу, бесікке салу, келін түсіру сияқты ұлттық салт-дәстүр түрлерінен сахналық қойылымдар ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарламаларды көру үшін қала орталығына бару міндетті емес. Таңертеңгі 11-ден бастап Нұрсаяда («Атаба» супермаркеті алдындағы алаңқайда), Балықшыда («Аққу» дүкенінің мереке күні алдында) және Жеңіс саябағында, Пивокзальныйда С. Мұқашев желекжолында мерекелік концерттер басталады. 

Мереке күнін Исатай-Махамбет алаңында кешкі сағат 20.00-де басталатын Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын концерт аяқтайды. Ал соңында, дәстүр бойынша, мерекелік от шашу болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 наурыз 2014, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.