Наурыз мейрамын тойлау биыл 21 наурызға белгіленіп отыр.
– Біз Жаңа жылды 1 қаңтарда тойламаймыз ғой, солай емес пе? – деді сұраққа сұрақпен жауап бергенАтырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.– Шығыс елдерінде Жаңа жыл 22 наурыздан басталады, демек, ол осы күннің алғашқы минуттарында басталады. Тиісінше, ол сол қарсаңда тойлануы тиіс.
Атырауда мереке күндері әдеттегідей орталық жолдардың кейбір учаскелері жабылатын болады. Бірақ бұл көлік қозғалысына әсер етпеуі тиіс дейді Ж.Қарағаев:
– 20-22 наурыз аралығында Сәтпаев даңғылының тақ бөлігіндегі көлік қозғалысы оған перпендикуляр жатқан Әлия Молдағұлова көшесінен бастап Ерниязов көшесіне дейінгі бөлігінде жабық болады. Осы бөліктегі қозғалыс Сәтпаев көшесіне қатарлас жатқан Жарбосынов көшесінің бойымен өтеді.
Сәтпаев пен Тайманов көшелерінің жабылған бөліктерінде, әдеттегідей, мерекелік бешбармақтан, палаудан, бауырсақтан және наурыз көжеден дәм ауыз тигізетін киіз үйлер орнатылатын болады (биыл олардың саны 50-ден асады деп болжанып отыр).
Наурыздың мереке ретінде көше салтанатының қарапайым меймандары үшін беделін түсіріп алғаны құпия емес. Киіз үй қожайындары онда тек өздері ғана жиналып отыруды әдетке айналдырған. Оқырмандар осы мерекеде өздерін бөгде жандардай сезінетіндігіне жиі шағымданады.
– Адамдар үшін киіз үйдің ішінде үнемі беделді шенеуніктер мен үлкен «ағайлар» отырғандай болады екен...
– Өткен жылы түрлі мекемелер мен компаниялар 66 киіз үй тікті. Бізде мұндай «көп шенеунік» жиналмайды ғой, - деп күлді Қарағаев. – Бұл жаңсақ пікір: шуақ шашқан сырттан күңгірт тартқан киіз үйдің ішіне кірген адамға ол өзара таныс адамдардың арасына түскендей, ал өзі бөтен адамдай әсерде болады. Қалаған адамның кез келгені киіз үйге кіре алады. Басқалардан бұрын кірген сіз секілді кейбір адамдар киіз үйде көбірек отырғысы келсе, ол басқа мәселе. Егер адамдарға ұнап жатса, оларды кет деп қуа алмайсың ғой. Бірақ адамдардың осындай көңіл-күйлері туралы бізге аян. Сондықтан биыл өздерінің киіз үйлерін тігетіндерден осыны ескеруді өтіндік.
Әкім орынбасарының сөзіне үміттеніп, қара қазанға піскен дәмді палау мен күрең бауырсақтан дәм татуға кеңес беремін. Киіз үйдің оюлы есігін айқара ашып, бар дауысыңызбен амандасып, құттықтап, батылдық танытып, ішке кіріңіз!
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА