Атырау, 24 қараша 07:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырымдықтардың 93% Ресейге қосылуды қолдап дауыс берді

1 545 просмотра

© РИА Новости. Валерий Мельников© РИА Новости. Валерий МельниковҚырымдықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясы құрамына қосылуды қалайды. Кеше жалпы қырымдық референдум барысында халықтың 93%-ға жуығы Ресеймен бірігуді қолдап дауыс берген. Еxit polls осындай ақпарат таратты.

Еске салайық, кеше Қырымда автономия мәртебесі туралы референдум өтті. Дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасты.

Деректерге сүйенсек, референдумға қырымдықтардың 73%-зы, Севастополь халқының 83%-зы қатысқан. Сайлау қорытындысы ресми түрде бүгін жарияланады деп күтілуде. Бірақ оны күтпей-ақ Қырым билігі батыл мәлімдемелер жасауда. «Алдағы сәуір айынан бастап автономия аумағында Ресей рублі қолданысқа енеді», - деді Қырым вице-премьері Рустам Темірғалиев. Ол сондай-ақ, зейнеткерлер сәуір айынан зейнетақысын рубльмен алады деп қосты.

Дереккөз: astanatv.kz

17 наурыз 2014, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.