Атырау, 24 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

HRW: Қырымда белсенділер мен журналистер қысым көріп отыр

2 115 просмотра
Қырымдағы өзін-өзі қорғау отрядтарының мүшелері. Севастополь, 13 наурыз 2014 жыл. Қырымдағы өзін-өзі қорғау отрядтарының мүшелері. Севастополь, 13 наурыз 2014 жыл. Қырымда жүрген белсенділер мен журналистер қарулы адамдар мен "өзін-өзі қорғау отрядтарының" тарапынан шабуылға, қудалауға ұшырап отыр деп мәлімдеді Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, аталған қарулы адамдар мен отрядтардың айырым белгісі мен нақты басқару-бағыну тәртібі жоқ және "олар заңға қайшы әрекеттер жасап келеді".

Қырым билігі мұндай құрылымдардың әрекетіне тосқауыл қойып, оларды таратып жіберуге және қарусыздандыруға міндетті дейді HRW.

Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Денбер барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Қырым билігі жауапты деп мәлімдеді.

HRW Қырымдағы "Еуромайдан" қозғалысының алты белсендісінің ұрлануына "өзін-өзі қорғау отряды" деп аталатын топтардың қатысы бар деп санайды. "Жергілікті және шетелдік журналистерге де осы топтардың қолымен шабуыл жасалды" дейді ұйым.

Украиналық құқық қорғаушылар өзін-өзі қорғау отрядтары демонстранттарды күшпен қуып таратуға, тұрғындар мен автокөліктерді заңсыз тінтуге де қатысы бар деп санайды.

Қырымдағы "өзін-өзі қорғау" күштері биыл ақпан айының соңынан белсенді әрекет ете бастаған. Олардың "командирлері", ресми мәртебесі белгісіз Павел Шеремет 4 наурызда өткен баспасөз жиынында отрядтарында бұрынғы милиционерлер, әскерилер, "ауған соғысына қатысқандар" мен басқа да еріктілер барын мәлімдеген. Оның айтуынша, отряд мүшелерінің "азаматтарды тінтуге және тұтқындауға құқықтары жоқ" және олар милициямен бірге әрекет етуі тиіс.

Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов 4 наурызда өзін-өзі қорғау күштеріне 11 мың адам жазылғанын және олардың заңды тіркелген қару-жарақпен, таяқ және қалқандармен жарақтандырылғанын мәлімдеген.
 
Дереккөз: azattyq.org
17 наурыз 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.